Жарияланды: 12.04.2024
Республикалық заң консультанттары алқасы « Қазақстан Республикасында атқарушылық құжаттарды орындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді

2024 жылдың 12 сәуірінде Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы президиумының төрағасы Е. Онтаевпен бірлесіп «Қазақстан Республикасында атқарушылық құжаттарды орындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар барысында спикер Ерлан Пернешович Қазақстан Республикасында атқарушылық құжаттарды орындаудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын түсіндірді, қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

Заң консультанттары Палаталарының мүшелері өзекті тақырып пен мазмұнды вебинар үшін спикерге және Республикалық заң консультанттары алқасына алғыстарын білдірді.

Вебинар_12.04.2024г..png

Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/ChtZ/AHJHsefBu

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: