Жарияланды: 27.09.2024
Республикалық заң консультанттары алқасы «Азаматтардың банкроттығы туралы заңнамадағы өзгерістер. Құқық қолдану тәжірибесі» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары М.К. Сисембаевамен бірлесіп, «Азаматтардың банкроттығы туралы заңнамадағы өзгерістер. Құқық қолдану тәжірибесі» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Вебинар барысында спикер Меруерт Қабдырашитқызы рәсімдердің түрлері (соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі) туралы егжей-тегжейлі түсіндірді, 03.03.2023 ж. бастап 26.09.2024 ж. дейін соттан тыс банкроттық бойынша статистиканы келтірді, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы айтты.

Вебинарға 180-ден астам заң консультанттары қатысты, олар спикерге 100-ден астам сұрақ қойып, олар толық және жан-жақты жауап ала алды. Вебинар соңында заң консультанттары Сисембаева Меруерт Кабдырашитқызына және Республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырып пен мазмұнды вебинар үшін алғыстарын білдірді.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың басынан бастап РЗКА спикерлер ретінде тәжірибелі заңгерлерді, мемлекеттік органдардың мамандарын, судьяларды, нотариустарды және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әртүрлі тақырыптарда 25 тегін вебинар өткізді; қыркүйек айының соңына дейін 1700-ден астам біліктілікті арттыру сертификаттары берілді.

Вебинарлардың тақырыптары тікелей заң консультанттарының сұраулары бойынша қалыптастырылады, осыған байланысты оқыту вебинарлары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды info@rcla.kz эл.поштасына жіберуді немесе посттың астына қалдыруыңызды сұраймыз.

Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/NuVQ/VRJ7QxvEj

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: