Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Республикалық заң консультанттары алқасы Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Н.Е. Аубакировпен бірлесіп «Салық даулары бойынша сот тәжірибесінің кейбір мәселелері» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді
Вебинар барысында спикер Нурлан Ерболатович салықтық даулардың негізгі түрлері, МҚҚ тарапынан бұзушылықтар, заңнамада көзделген негіздер болмаған жағдайда жоспардан тыс салық тексеруін тағайындау, МҚҚ лауазымды тұлғаларының әкімшілік тәртіпті сақтамауы, әкімшілік актіні шығарғанға дейін салық заңнамасын бұзу фактілерінің дәлелдемелерінің болмауы, салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдауға негіз болатын дәлелдердің болуы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Вебинарға 150-дан астам заң консультанттары қатысты: тыңдаушылар өз тәжірибелерімен бөлісті, спикерге сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Вебинар соңында заң консультанттары палаталарының мүшелері спикерге және Республикалық заң консультанттар алқасына өзекті тақырып пен қызықты вебинар үшін алғыстарын білдірді.
Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/BMh5/bXKwoKED4