Жарияланды: 06.12.2023
Республикалық заң консультанттары алқасы «2024 жылы декларанттардың 3-ші кезеңі үшін жалпыға бірдей декларациялау» өзекті тақырыбында кезекті вебинар өткізді

2023 жылғы 6 желтоқсанда Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Д.К. Кусаиновамен бірлесіп «2024 жылы декларанттардың 3-ші кезеңі үшін жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар барысында спикер Дина Кабдылманаповна жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан), декларацияны ұсыну тәсілдері туралы, Жеке тұлғалардың декларациясын ұсыну туралы, 2024 жылы декларациялау туралы егжей-тегжейлі түсіндірді, активтерді өз бетінше тексеру үшін пайдалануға болатын сайттар туралы және тағы басқа өзекті мәселелерді қозғады.

Вебинарға қатысушылар спикерге жүзден астам сұрақ қойып, оларға толық жауаптар алды. Заң консультанттары Палаталарының мүшелері Дина Кабдылманаповнаға және Республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырып пен мазмұнды вебинар үшін алғыстарын білдірді.

2.png

Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/TV7G/gdapHZ1pM

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: