Жарияланды: 28.02.2024
«Respublica» партиясымен Меморандумға қол қойылды

2024 жылғы 28 ақпанда «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ мен «Respublica» партиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қоюға «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен Төраға Серік Ақылбай, Орталық кеңес мүшесі Ануарбек Скаков, «Respublica» партиясы тарапынан Орталық аппарат басшысы Хамит Бақытбек және қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Айткей Болатбек қатысты.

Меморандум Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың және бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық дамудың негізгі конституциялық қағидаттарын сақтай отырып, азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қабылданды.

WhatsApp Image 2024-02-28 at 17.19.50.jpeg

WhatsApp Image 2024-02-28 at 17.20.24.jpeg

WhatsApp Image 2024-02-28 at 17.20.39.jpeg

WhatsApp Image 2024-02-28 at 17.20.53.jpeg

5

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: