Жарияланды: 07.03.2025
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев нәзік жанды аруларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев нәзік жанды аруларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады

Мерекелік іс-шарада Министр әділет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін әйелдер қауымына алғысын білдірді. Әділет органдарына адал атқарған қызметтері үшін нәзік жанды арулар алғыс хаттарымен және грамоталармен марапатталды.

Министр сонымен қатар Республикалық заң консультанттары алқасының өкілдеріне марапаттар табыс етті. «Ерең еңбегі үшін» медалімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары Палатасының төрағасы Аринова Алтынай Хайдаровна марапатталды. Алғыс хаттарды РКЮК маманы Сақып Нұрдана Еркінқызы, сондай-ақ Астана қаласының заң консультанттары Палатасының мүшелері – Абеуова Ардақ Ермекқызы, Сағындықова Анара Ағыбайқызы және Тасхамбаева Рауза алды.

Ерлан Сәрсембаев ұжымға мықты денсаулық, мол бақыт, және кәсіби қызметте одан әрі жетістіктер тіледі.

💐 Республикалық заң консультанттары алқасы 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: