Жарияланды: 12.07.2022
ОВ 156/3 түзеу мекемесінің жазасын өтеп жатқандарымен кездесу

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ШҚО ҚАЖД ОВ 156/3 түзеу мекемесінің сотталғандарымен көшпелі кездесу ұйымдастырды.

Насихат тобының құрамына әділет департаментінің, Заң консультанттары палатасының, Жеке сот орындаушылар палатасының, Адвокаттар алқасының, және Нотариаттық палатаның өкілдері кірді.

Бұл кездесудің мақсаты түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға заң көмегін көрсету болып табылады.

5ddbf8a4-0466-49b1-b1af-0c5554878b43.jpg

Іс-шара барысында мекеме сотталғандармен құқық белгілейтін құжаттарды алуға, жұмысқа орналастыруға, өтініштерді «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта беру бойынша және т.б сұрақтар қойылды.

Кездесу соңында қатысушылардың барлық сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: