Жарияланды: 02.11.2022
Орал қаласының Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде кездесу

022 жылғы 2 қарашада Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, студенттер, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: «Қазақстан Республикасының сайлау заңдылықтарын сақтау – Әділетті Қазақстан негізін қалыптастыру».

Кездесудің модераторы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Баяхов Әліби Науқанұлы.

Кездесу барысында профессор, "Адал сайлау үшін" штабының мүшесі Абдрасулов Ермек сайлау процесі мен құқықтың өзекті мәселелеріне тоқталды. Штаб мүшесі, Қазақстан заңгерлер одағы Астана филиалының төрағасы Серік Беркамалов заңда көзделген азаматтардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету кепілдіктері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ғылым жөніндегі проректор Ж. Ахатова және 1 курс студенті Б. Алмагамбетов сөз сөйледі.

ҚР Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының үгіт жүргізу ерекшеліктері, кандидаттардың БАҚ-тағы жарияланымдар мен эфирлерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету тәсілдері аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.

Сілтемелер: https://zhaikpress.kz/kk/news/sajlauda-zandy-saktau-manyzdy/

https://aqjaiyqtv.kz/ru/news/31563

https://www.youtube.com/watch?v=ldRkI9Lswks

https://www.youtube.com/watch?v=Jt57X4Rl1bQ

WhatsApp Image 2022-11-03 at 00.40.33.jpeg

WhatsApp Image 2022-11-03 at 00.40.35.jpeg

WhatsApp Image 2022-11-03 at 00.40.34.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: