2023 жылғы 17 ақпанда "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы "Адал сайлау үшін" заңгерлер штабының консультативтік тобының қатысушылары ретінде "Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті" университетінің студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен Парламент Мәжілісі мен Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарын сайлау туралы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өткізді.