Жарияланды: 18.03.2022
Нотариаттық қызмет саласындағы мәселелер бойынша вебинарлар сериясы өтті

2022 жылғы 16, 17, 18 наурызда нотариаттық қызмет тақырыбы жөніндегі вебинарлар өтті.

Вебинардың бірінші күнінің тақырыбы - атқарушылық жазба. Спикері - Гүлнар Оразқызы Рыспекова - Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры, ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы. Вебинар жұмысында Нотариат туралы заңға атқарушылық жазбаға қатысты өзгерістер, атқарушылық жазбаға қойылатын талаптар, құқық қолдану практикасы, мерзімдері, проблемалық мәселелер қарастырылды.

Вебинардың екінші күнінің спикері - Людмила Федоровна Кутенко - заң ғылымдарының магистрі, Республикалық нотариаттық палатаның заңгері. Мұрагерлік құқық мәселелері, соның ішінде мұраны ашу, коммориенттер түсінігі, нотариусқа өтініш беру тәсілдері, мұраны қабылдау және одан бас тарту рәсімі қарастырылды.

Вебинардың қорытынды үшінші күні дәлелдемелерді қамтамасыз ету тақырыбы қарастырылды. Спикері – Олег Игоревич Полумордвинов - Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы, заң магистрі, «М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ» жоғары құқық мектебінің аға оқытушысы. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету кезінде нотариустар басшылыққа алатын азаматтық процестік заңнаманың нормалары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, заттай, жазбаша және электрондық дәлелдемелерді қарау рәсімдері, сараптаманы тағайындау да толығырақ түсіндірілді.

Вебинарлардың жұмысы барысында спикерлер кәсіби қызмет пен сот практикасынан көптеген мысалдар келтірді, қатысушылар қойған барлық сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылар вебинарлардың өте қызықты және пайдалы болғанын атап өтті.

Вебинарға барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Сондай-ақ, Алқа заң консультанттарының біліктілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыратынын хабарлаймыз. Келесі вебинарлар туралы алдын-ала хабарланатын болады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: