Ағымдағы жылдың 3 ақпанында "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша "Адал сайлау үшін" штаб мүшелерінің брифингі өтті.
Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін таратқаны белгілі. Президент сонымен қатар "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" Жарлыққа қол қойды. Сайлау алты ай бұрын жарияланды, Тәуелсіздік жылдарында кандидаттар мен саяси партиялардаешқашан сайлау науқанына дайындалуғаосындайкөп уақыт болмады.
Штаб басшысы - Серік Ақылбай 2004 жылдан бері алғаш рет Мәжіліске кандидаттар бір мандатты округтер бойынша сайланатынын (98 депутаттың 29-ы), енді облыстық аумақтық сайлау комиссиялары кәсіби негізде жұмыс істейтінін атап өтті.
Әбдікәрім Ақжанов әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 30 пайыздық квота белгілеу туралы, сондай-ақМәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайтындығын туралы айтты.
Думан Жампейісов Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауда алғаш рет бюллетеньдерде "барлығына қарсы" деген баған болатынын хабарлады. Енді сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (Республикалық маңызы бар қалаларда – төрт бюллетень бойынша).
Әнуарбек Сқақов 7 саяси партияның сайлаунауқанына қатысуға құқылы екенін айтып, олардың екеуі партиялар туралы Заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелгенін, сондай-ақ партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардан ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы да ұсыну мүмкіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, партиялардың өту шегі 7-ден 5% - ға дейін төмендетілді.
Брифинг соңында қатысушылар БАҚ сұрақтарына жауап берді.
БАҚ сілтемелері:
https://baq.kz/prezidenttikke-umitker-bolgan-azamattardyn-ozi-zan-bilmeydi-zanger-296860/
https://baq.kz/adil-saylau-ushin-shtaby-oz-zhumysyn-bastady-296856/
https://24.kz/ru/news/policy/item/585121-shtab-za-chestnye-vybory-vnov-zarabotal-v-kazakhstane
https://qazaqstan.tv/index.php/news/170959/
https://www.youtube.com/watch?v=Lz-zq-aCbPQ
https://egemen.kz/article/334559-saylaushylargha-qadgetti-komek
https://egemen.kz/article/334559-saylaushylargha-qadgetti-komek