Бекітілген кестеге сәйкес, 2024 жылғы 12 наурызда Ақмола облысының заң консультанттары палатасының төрағасы Б.К. Сұлтанов Меморандум шеңберінде «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға жазылған азаматтар зейнеткерлер үшін әлеуметтік жеңілдіктер, қызметкердің бастамасы бойынша жұмыстан босату бөлігінде еңбек заңнамасы, ақшалай соманы қайтару бойынша азаматтық-құқықтық қатынастар, жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы мәселелері бойынша толық және жан-жақты жауаптар алды.