Жарияланды: 28.03.2025
✅ Ақмола облысының заң консультанттары Палатасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында

Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Ақмола облысының заң консультанттары Палатасы Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Кеңсесімен белсенді ынтымақтасады.

Ақмола облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары болып табылатын Палата мүшелері В.Г. Ломакин және Б.М. Ахриев 2025 жылғы 28 наурызда Көкшетауда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысына қатысты. Отырыс барысында 2024 жылы жабық мекемелер мониторингінің нәтижелері бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) шоғырландырылған баяндамасының жобасы ұсынылды.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, отырысқа Ресей Федерациясының қоғамдық палатасы төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары А.Холодовты қоса алғанда, Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының сарапшылары қатысты.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: