«AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау алаңында Ақмола облыстық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Болат Зарлықұлы Жулиновтың, сондай-ақ Ақмола облысы заң консультанттары палатаның төрағасы Бақыт Қизакұлы Сұлтановтың азаматтарды қабылдауы өткізілді.
Атқарушы хатшы орынбасарының қабылдауы барысында елді мекеннің атауын өзгертумен келіспеу, ауылды абаттандыру мәселелері айтылды. Палатаның төрағасы Жеке және заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заңды түсіндірді. Айтылған сұрақтардың барлығына түсінік беріллі және партия филиалының бақылауына алынды. Қабылдау онлайн және офлайн режимінде өтті.
Қабылдауға мынадай байланыс телефондары бойынша жазылуға болады: Call-орталығы: 87162 25 63 93, 8 7780976308 WhatsApp: 8 775 732 1210; a.alimbetova@amanatpartiasy.kz