Жарияланды: 26.07.2024
Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі М.Б. Саурбаев медиативтік келісімді орындау жөніндегі кеңеске қатысты

Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі М.Б. Саурбаев Көкшетау қаласы әкімдігінің Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылады

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Саурбаев М.Б. санитарлық нормаларға сәйкес сумен жабдықтау сапасын жақсарту бойынша «Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ және Көкшетау қаласы «Су Арнасы» ШЖҚ МКК арасында жасалған медиативтік келісімді орындау жөніндегі кеңеске қатысты.

Кеңес Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Д.К. Жүнісовтың төрағалығымен өтті.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: