✅ Ақмола облысы заң консультанттары Палатасының мүшесі Бурабай ауданында азаматтарды тақырыптық қабылдау өткізді
2025 жылғы 13 наурызда Ақмола облысы заң консультанттары Палатасының мүшесі Б.К. Баймурзин AMANAT партиясы мен Республикалық заң консультанттары алқасы арасындағы Меморандум аясында Бурабай ауданының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де азаматтарды «Құқықтық көмек» тақырыптық қабылдау өткізді.
Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталды. Азаматтар өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша білікті кеңестер алып, заң консультанттары Палатасының өкілдеріне алғыстарын білдірді.