Жарияланды: 22.08.2024
Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Аманат партиясының қабылдау бөлмесінде әлеуметтік осал топтарынан шыққан тұлғаларға құқықтық көмек көрсетті

Ағымдағы жылдың 22 тамызында «AMANAT» партиясы мен РЗКА арасында жасалған Меморандум аясында Республикалық заң консультанттар алқасының құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі В.Г. Ломакин Степногорск қ. партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан тұлғаларға құқықтық көмек көрсетті.

Өтініш білдірген барлық азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу, алимент бойынша берешек, тұрғын үй мен жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер телімдерін тіркеу мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңестер алды.

Фото 3.jpg

Фото 5.jpg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: