2026 жылғы 2 шілдеде Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Гормолзавод» ЖШС еңбек ұжымымен «Конституция – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында сөз сөйлеген Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Ақмола облысының заң консультанттары палатасының мүшесі Қ.С. Шигитаев Ата Заңның тәуелсіздігіміздің тірегі әрі құқықтық жүйенің негізі екенін атап өтті. Ол заңға құрмет көрсету – әділетті қоғамның басты шарты екенін жеткізді. Сондай-ақ Конституциялық реформалардың мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын нығайтуға бағытталғанын айтты.
Іс-шара барысында «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар еркін пікір алмасты. Кездесуге 30 адам қатысты.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту мәселелері де талқыланды.
