2023 жылғы 20 қазанда Ш.Уәлиханов атындағы КМУ базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егемендік декларациясы: тәуелсіздік бастауы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия және Ресей ғалымдары, университет басшылығы мен студенттері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген университет ректоры М.Қ.Сырлыбаев, облыстық соттың төрағасы А.С.Жүкенов, облыстық прокуратураның басқарма басшысы Е.Ш.Жандосов, Ақмола облысы филиалының Заң Консультанттары Палатасының төрағасы Б.Қ. Сұлтанов.
«1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация еліміздің еркін және тәуелсіз дамуына негіз дайындап, мүмкіндіктер берді. Ұлттық мереке – Республика күнінің қайта оралуы еліміздің егемендігін жариялау – тәуелсіздік жолындағы алғашқы елеулі қадам, Қазақстанның жаңа тарихының бастау нүктесі, маңызы әділетсіз ұмытылғанын меңзейді», – деп атап өтті спикерлер.