Жарияланды: 05.06.2024
Мемлекеттік нышандарға құрмет ерекше

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдан бері ресми түрде аталып келеді. Әр жыл сайын Мемлекеттік рәміздерге көрсетілетін құрмет те артуда. Бұны қазір әлеуметтік желідегі жазбалар мен түрлі бейнекөріністерден аңғару қиын емес. Тіпті Президент телерадио кешені түсірген Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнұран әлем жұртының ықыласына бөленіп, көптің жүрегінен орын тапты.

Республикалық заң консультанттары алқасының Төрағасы Серік Ақылбай Мемлекеттік рәміздер туралы ойымен бөлісті: «Бұл көңіл қуантатын құбылыс. Қазақстан әнұран арқылы әлемге танылады. Әлем елдері мемлекеттік гимн арқылы біздің мәдениетімізбен танысады, салт-дәстүрімізді зерттей бастайды».

Толық шығарылым сілтеме бойынша

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: