Жарияланды: 29.09.2022
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша вебинар өтті

2022 жылғы 29 қыркүйекте Республикалық заң консультанттары алқасы Ақтөбе облысының Әділет департаментімен бірлесіп мемлекеттік тілде вебинар өткізді.

Вебинар барысында Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары. Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық кеңес беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

WhatsApp Image 2022-09-29 at 15.59.42.jpeg

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Ахмедиева Бекзат Қияқбайқызы вебинардың спикері болды, ол көптеген сұрақтарға сауатты, ауқымды жауап берді.

WhatsApp Image 2022-09-29 at 15.59.42 (2).jpeg

Вебинар барысында Бекзат Қияқбайқызы тыңдаушылар қойған барлық сұрақтарға жауап берді.

Вебинарға қатысушылар тренингтің пайдалы, қызықты, ақпараттық және сауатты болғанын атап өтті.

Вебинар жазбасына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/6XXh/TcUC7ceDB

WhatsApp Image 2022-09-29 at 15.59.42 (1).jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: