Жарияланды: 26.08.2022
Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, "Қазақстан заңгерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заң консультанттары Республикалық алқасының төрағасы Серік Байсейітұлы Ақылбайды қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады

Кездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады.

Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жекеше мекемесінің директоры Сергей Худяковты қабылдады.

Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.

t.me/bort_01

фото.jpg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: