2023 жылғы 15 наурызда "М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж" КМҚК педагогтарымен және оқушыларымен ҚР Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті, алдағы сайлаудың басты жаңалықтары жарияланды, сайлау туралы сайлау бюллетеньдері, учаскеде дауыс беру тәртібі туралы материалдар ұсынылды, қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді. Кездесуді Астана қаласының заң консультанттары палатасының мүшелері Әсел Болатқызы Құсайынова мен Валентина Александровна Ступак өткізді.