Жарияланды: 14.03.2025
КЮК «Еңбек дауларын шешудің ерекшеліктері. Әлеуметтік кодекс. Жұмысшы мен қызметшінің мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген залалды өтеу мәселелері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды

✅ РКЮК «Еңбек дауларын шешудің ерекшеліктері. Әлеуметтік кодекс. Жұмысшы мен қызметшінің мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген залалды өтеу мәселелері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды

14 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы Астана қалалық сотының судьясы Г.С. Джаппаровамен бірлесіп «Еңбек дауларын шешудің ерекшеліктері. Әлеуметтік кодекс. Жұмысшы мен қызметшінің мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген залалды өтеу мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді.

Шара барысында баяндамашы Гүлнар Сәрсенбекқызы Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының негізгі аспектілері, юрисдикция мәселелері, даулы мәселелер, сондай-ақ медиацияның ерекшеліктері мен оның артықшылықтары туралы жан-жақты түсіндірді.

Вебинарға 147 адам қатысты. Заң консультанттары сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті және практикалық жағдайларды талқылады. Соңында қатысушылар Гүлнар Сәрсенбекқызына және республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырып пен мазмұнды пікірталас үшін алғыстарын білдірді.

📌 Вебинар тақырыптары РКЮК заң консультанттарының сұраныстарын ескере отырып қалыптастырылады. Алдағы оқу іс-шаралары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды info@rcla.kz электрондық поштасына жіберуге немесе посттың астындағы түсініктемелерде қалдыруға болады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: