Жарияланды: 30.03.2022
Kun.kz диалог алаңында заң консультанттары қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті

Kun.kz диалог алаңында заң консультанттары қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті

Талқылауға қатысқандар:

Марат Советович Башимов - Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптама институтының директоры

Әбдікарым Арынұлы Ақжанов - Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының бірінші орынбасары

Әнуарбек Әділбекұлы Сқақов - Нұр-Сұлтан қ. Заң консультанттары палатасының басшысы

Фарид Бахтияроғлы Әлиев – «Қазақстан заң – кеңес» заң консультанттары қауымдастығы» ЗТБ басшысы

Модераторы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов болды.

Сондай-ақ, түрлі өңірлерден Заң консультанттары палаталарының өкілдері онлайн қосылды.

Снимок экрана (338).png

Кездесуде заң консультанттарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды, атап айтқанда:

  • азаматтар заң консультанттарының немен айналысып жүргенін біле ме;

  • заң консультанттары мен адвокаттардың айырмашылығы;

  • заң консультанттарының біліктілігі;

  • заң консультанттарының кәсіби деңгейін арттыру;

  • елдегі заңгерлік білімнің сапасы;

  • заң консультанттары институтының шетелдік жұмыс тәжірибесі;

  • Заң консультанттары палаталарының кәсіби бірлестігі - Республикалық заң консультанттары алқасының жұмыс функциясы;

  • Заң консультанттары палаталарының халық үшін жүргізетін жұмыстары және т.б.

Диалогтың нәтижелі болғаны атап өтілді және қатысушылар болашақта азаматтарды қызықтыратын жекелеген құқықтық мәселелер бойынша осындай кездесулер өткізу керектігі туралы уағдаласты.

Сұхбат алаңын ұсынғаны үшін Мұрат Әбеновке және қатысқандары үшін спикерлерге алғысымызды білдіреміз.

Жазба төмендегі сілтеме бойынша қол жетерлік: https://fb.watch/c4SlFRXfzJ/

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: