Жарияланды: 29.08.2024
Конституциялық Сотта Ата заң күніне орай салтанатты жиын өтті

Конституциялық Сотта Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында РЗКА құрамына кіретін Астана қ. заң консультанттары Палатасының мүшелері – Абеуова А.Е., Доржигулова С.В., Ибраев А.Н., Искакбеков А., Ким И.Ю., Колбасова Т.Н., Кушакова М.А. және Скаков А. «Конституциялық заңдықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты мен Республикалық заң консультанттары алқасы арасында жасалған Меморандум аясында Астана қ. заң консультанттары Палатасының мүшелері Конституциялық Соттың фронт-офисінде күнделікті жүгінген азаматтарға құқықтық ақпарат түрінде кеңес беру қабылдауын өткізеді.

2023 жылғы қаңтардан 2024 жылғы тамызға дейін Конституциялық Сотқа жеті жарым мыңнан астам азамат жүгінді, Аппарат қызметкерлері мен заң консультанттары мыңнан астам азаматқа заңгерлік кеңес берді.

РЗКА Астана қ. заң консультанттары Палатасының мүшелерін ведомстволық медальдармен шын жүректен құттықтайды!

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: