30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституция күні.
Республикалық заң консультанттары алқасы (РЗКА) "Білікті заң көмегін алуға және сот арқылы қорғалу құқығына Конституциялық қағидаттарды іске асыру" тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Республикалық алқа төрағасы профессор, заң ғылымдарының кандидаты Серік Ақылбай Қазақстан халқы референдумда, қолданыстағы Конституцияға дауыс беру арқылы өз таңдауын жасағанын атап өтті. Конституцияның философиясы оның кіріспесінде бейнеленген, онда біздің әлемдегі алға жылжуымыздың құндылық бағдарлары нақты көрсетілген: " Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз. ". Мұның терең мәні бар.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов, еліміздің Конституцисы адам құқықтары саласындағы барлық халықаралық стандарттарға, адам құқықтары туралы Биллге, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге, Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғау туралы Еуропалық конвенцияға сәйкес келеді деп көрсетті. Бұл Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының шешімдерінде айтылған. Бүгінгі күні Адам құқықтары туралы конституциялық нормаларды іске асыру, заңдар мен заңға тәуелді актілердің Конституцияға сәйкес келуі, оған тиімді конституциялық бақылау жүзеге асырылуы үшін толыққанды және тиімді заң жобалау жұмысы маңызды болып табылады. Осы бағытта әлі де үлкен жұмыс алда.
Осы қағидаттардың жүзеге асуын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" , "Әділ қоғам мен тиімді мемлекет"тұжырымдамаларында іске асыруда. Олар демократия, Адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы туралы, идеологиялық және саяси сан алуандық, барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі туралы, әділ сот арқылы қорғалу құқығы, кез келген негіздер бойынша кемсітушілікке тыйым салу туралы, азаматтың мемлекетті басқарудағы құқығы туралы, сайлау және сайлану құқығы туралы, қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы конституциялық принциптер мен нормаларды айқын көрсетеді.
Билік пен азаматтық қоғамның тікелей диалогын – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру, мемлекеттің демократиялық құндылықтарға, құқық үстемдігі және адам құқықтары қағидаттарына бағытталған қозғалысындағы прогрессивті қадам және маңызды оқиға болды. Осы алаңда Мемлекет басшысы саяси реформалардың маңызды пакеттерін атап айтты.
Қазақстанның заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы Серік Беркамалов Конституцияның 13 -бабы - «әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы және білікті заң көмегін алуға құқылы» деп атап өтті. Заң консультанттарының білікті заң көмегін көрсетудің мемлекеттік, қоғамдық құқықтық маңызы бар, себебі бұл жеке азаматтарға, ұйымдарға және басқа да субъектілерге қажет, сонымен қатар мемлекеттің өзіне де қажет. Ол сондай -ақ бірыңғай Республикалық алқасын және осы институт пен аталған құқықтық қатынастарды одан әрі дамыту туралы Конституциялық Кеңестің шешімін орындылығын көрсетті.
Нұр-Сұлтан қаласының заң кеңесшілері палатасының төрағасы Ануарбек Сқақов заң көмегін қажет ететін адамдардың тобын кеңейтуін керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, заңгерлерді іріктеуге қатаң талаптар қою қажет, өйткені әлемде заңгер элиталық және жауапты мамандықтардың бірі болып саналады.
Дөңгелек үстел мәселелерін талқылауы елімізде жетіспейтін білікті заң көмегін тиімді сапалы көрсету қажеттілігімен айқындалған.
Дөңгелек үстелге елімізге танымал заңгерлер, ғылыми қызметкерлер, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан барлық реформалары – демократияландыру, қоғамдық қатынастарды ырықтандыру, азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру жөніндегі алға жылжу екенін атап өткеніміз жөн.
Автор: Марат Башимов