✅ Республикалық заң консультанттары алқасы «Заңнамадағы қателер және түсіндірмелер» тақырыбында вебинар ұйымдастырды
2025 жылғы 12 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы Maqsut Narikbayev University-нің ассистент профессоры, Астана қ. заң консультанттары Палатасының мүшесі С.М. Баймұратпен бірлесіп, «Заңнамадағы қателер және түсіндірмелер» тақырыбында вебинар өткізді.
Сағидолла Мүтиғоллаұлы «Қазақ-орыс сөздігі: заңнамадағы қателер және түсіндірмелер» атап өткендей: «Қазақ заңнамасы қазаққа түсініксіз. Мысалы, «абайсыз» сөзі – бір ережеде «неосторожный» сөзінің аудармасы, ал басқа жерде – «неумышеленный» сөзінің аудармасы. Қайсысы дұрыс және неге? Ол үшін сол саладағы құқықтық ереженің орыс тіліндегі мағынасын түсінуіміз керек. Себебі қазақ заңнамасын құрайтын құқықтық актілердің басым бөлігінің түпнұсқасы орыс тілінде жазылып кеткен. Ендеше заң шығарушы шын мәнінде не дегісі келгенін НҚА-дің орыс мәтінін оқып ғана біле аламыз. Одан бөлек, қолданылып тұрған қазақ және орыс сөздерінің тек қана этимологиясы мен семантикасы емес, сонымен қатар құқықтық категория ретіндегі нақты анықтамасын білу өте маңызды. Сол кезде «абайсыз» «неосторожный» бола алатынын, ал «неумышленный» тек қана теріс пиғылдың жоқтығын білдіре алатынын аңғарамыз.
Қазақ тілінің өз ерекшелігі мен еределері бар. Соларды сақтап, қазақ жерінде орыс тілінде енгізілген тәртіптерді қазақ тіліне аударып жүрсек те, қазіргідей канцелярлық калька тілінде емес, сауатты құқықтық қазақ тілінде жазуға болатынына көзіміз жетуі керек».
Вебинарға барлық өңірлерден 150-ден астам қатысушы қатысты. Шара соңында заң консультанттары Палаталарының мүшелері Сағидолла Мүтиғоллаұлына және Республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырыптарды таңдап, мазмұнды пікірталас жүргізгені үшін алғыстарын білдірді.
📌 Вебинарлардың тақырыптары РКЮК заң консультанттарының сұраныстары негізінде қалыптастырылады. Осыған байланысты оқыту вебинарлары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды info@rcla.kz электрондық поштасына жолдауға немесе посттың астына түсініктемелерде қалдыруға болады.