Жарияланды: 14.10.2026
Ел тарихындағы елеулі өзгерістер: Серік Ақылбай

2026 жылғы 14 қазанда Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Байсеитұлы Ақылбай Хабар телеарнасы «Оян» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, Қазақстанның конституциялық дамуындағы елеулі өзгерістер мен жаңа Конституцияның негізгі басымдықтары туралы пікір білдірді.

Эфир барысында жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, саяси институттарды жаңғырту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, адами капиталды дамыту, ғылым мен инновацияны қолдау мәселелері талқыланды.

Серік Байсеитұлы азаматтардың цифрлық құқықтарын конституциялық деңгейде бекітудің маңыздылығына да тоқталды. Оның айтуынша, цифрлық технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған қазіргі кезеңде жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету ерекше маңызға ие.

Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау, Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мәселелеріне назар аударылды.

Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы конституциялық қағидаттардың тиімді жүзеге асырылуы азаматтардың құқықтарының қорғалуымен, заң үстемдігімен және сапалы әрі қолжетімді білікті заң көмегін алу мүмкіндігімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Жаңа Конституцияның басты бағдарларының бірі – адам мүддесін қорғау, құқықтық мемлекетті нығайту және азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыру.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар:

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: