Жарияланды: 10.11.2021
Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту жайында

Құрметті заң консультанттар!

Республикалық заң консультанттары алқасы "ҰАТ" АҚ-мен бірлесіп "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту бойынша заң консультанттары палаталарының бірқатар ескертулері мен ұсыныстарын пысықтады.

Қазіргі уақытта заң консультанттары ЭҚАБЖ арқылы "Е-Заң көмегі" АЖ-дан өздерінің өтініштерін мемлекеттік органдарға және ұйымдарга жібере алады.

Заң консультанттарына қажетті мәселелер бойынша дауыс беру жүргізуге мүмкіндік беретін "Е-Заң көмегі" АЖ-ға электрондық дауыс беру функционалы қосылды.

Заң консультанттары палаталары ұсынған жүйені жетілдіру ұсыныстары ішінде 2022 жылы мынадай функционалдық мүмкіндіктерді пысықтау жоспарлануда:

● заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тексеру және олардың қолдану мерзімін мониторингілеу, азаматтарға заң консультанттарының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнама талаптарын сақтауына өздері көз жеткізуге мүмкіндік беру;

● заң қызметтерін және заң көмегін алушылардың заң консультантының палатаға мүшелігі туралы , оның мәртебесі - тоқтатылғаны, шығарылғаны және т.б. мәліметтерді қарауы; ● дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнама талаптарын сақтауды ескере отырып, Мобильді азаматтар базасынан жеке тұлғалардың мобильді нөмірлері туралы мәліметтер алу мүмкіндігі;

● Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот кабинеті" арқылы "Сот актілерінің банкі" сервисінде заң консультанттарының аты-жөні бойынша сот актілерін іздеу; ● "Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы" ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл аясында жеке және заңды тұлғалардың рұқсат беру құжаттары туралы мәліметтерді іздеу және алу;

"Е-Заң көмегі" АЖ-ға қосылғысы келетін заң консультанттары бейне нұсқаулықпен, пайдаланушыға арналған нұсқаулықпен таныса алады. Пайдаланушылардан ұсыныстар мен ескертулер жинау үшін "Кері байланыс" бөлімінде өтініштер құру мүмкіндігі бар, бұл жүйеге жедел ден қою мен техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған пысықтаулар "Е-Заң көмегі" АЖ-ны дамытуға арналған мүмкіндіктердің аз ғана бөлігі екенін атап өткен жөн, сондықтан практикамен шұғылданатын заң консультанттарының пікірі олардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келуі үшін аса бағалы болмақ. Бұл мәселе Алқа үшін "Е-Заң көмегі" АЖ жетілдіру және оның заң консультанттары үшін қолайлылығы тұрғысынан басымдыққа ие болады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: