Жарияланды: 24.08.2021
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойылды

«Заң консультанттарының республикалық алқасы» мен «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл келісім шеңберінде тегін заңгерлік көмек қосымшасы іске қосылды.

Меморандум мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен құқықтық көмекпен қамту деңгейін көтеру. Қазіргі кезде «LawCenter» қосымшасында белсенді тегін заң көмегін көрсетіліп жатыр. Мұндай қосымшаның іске қосылуы әсіресе әлеуметтік осал топтар мен ауыл тұрғындары үшін маңызды. Қосымша арқылы үйден шықпай-ақ тегін кешенді заңгерлік көмекті алуға болады.

Заң консультанттарының республикалық алқасы төрағасы Серік Ақылбай:

"Меморандум мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтары, басқа да азаматтарға құқықтық көмек көрсету. Әсіресе мұқтаж топтар арасында құқықтық ағарту құқықтық мемлекетті нығайтуға оң септігін тигізеді."

«Әділдік жолы» РҚБ төрағасы Дидар Смағұлов айтуы бойынша, "Халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру сыбайлас жемқорлықпен күрестін ең бір тиімді құралы болып табылады. «LawCenter» қосымшасы құқықтық көмекті одан әрі ауқымды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қосымшаны жүктеп алған, әрбір қазақстандық өз сұрағын заң консультанттарына қоя алады."

Халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру сыбайлас жемқорлықпен күрестін ең бір тиімді құралы болып табылады. Сондықтан «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі парақорлықтан таза мәдениет қалыптастыру үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылады.

240663887_861005764835548_5698385178915165679_n.jpg

240647180_861005758168882_4026726265357273846_n.jpg

240674950_861005784835546_5383286167080844345_n.jpg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: