2023 жылғы 15 ақпанда "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мүшелері, "Адал сайлау үшін"заңгерлер штабының консультативтік тобының қатысушысы ретінде, ОҚО палатасының ШҚО бойынша заң кеңесшілерімен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ студенттерімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау туралы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өткізді.