Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі кеңсесінде «Адал сайлау үшін» заңгерлер Штабының бірінші отырысы өтті. Штаб құрамына Қазақстанда және шетелде танымал заңгерлер кірді.
Штаб қызметінің негізгі міндеті – заң қоғамдастығының сайлау науқаны барысына құқықтық мониторингі және сайлау процесіне қатысушыларға сайлау заңнамасын қолдану тәртібін түсіндіру.
Отырыста жергілікті жерлерде сайлау процесіне қатысушыларды қабылдау және оларға сайлау рәсімдерін, оның ішінде азаматтардың, ұйымдардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру құқығын жан-жақты түсіндіру қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ Штаб мүшелері және аймақтар өкілдеріне электоралдық науқан барысына мониторинг жүргізу шеңберінде БАҚ, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өз-ара іс-қимылды күшейтуге бағдар берілді.
Штабтың баспасөз қызметі