«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің Төрағасы және ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Ақылбай Серік «Телеканал 24kz» телеарнасының PRIME TIME бағдарламасына елдегі заң мен тәртіп мәселелері тақырыбында спикер ретінде қатысты.
«Қазіргі уақытта, ең алдымен, құқықтық ағарту мәселесін көтеру керек. Егер әрбір Азамат өзінің құқығын, міндетін білмесе, онда қандай заңның үстемдігі бола алмақ? Құқық жоқ жерде бейберекет қоғам пайда болады. Халықтың көпшілігінің құқықтық мәдениеті төмен деңгейде. Оған қоғамда күн сайын орын алып жатқан ұсақ құқықбұзушылықтар дәлел. Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады, ал адал азамат үшін ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар», - деп Серік Байсеитұлы ойымен бөлісті.
Толық шығарылым сілтеме бойынша.