Жарияланды: 16.12.2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қадірлі Отандастар!

Баршаңызды егемен еліміздің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес, сонымен қатар, орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да жақсы түсінеміз. Елдің ертеңіне деген сол жауапкершілікті әрбіріміз тереңнен сезініп білгенде ғана ынтымағымыз ырысты, бағымыз баянды болмақ.

Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Құрметпен, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай

IMG_7334.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: