Жарияланды: 24.12.2021
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері жөнінде вебинар өтті

2021 жылғы желтоқсанның 23-24-і аралығында Республикалық заң консультанттары алқасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану» тақырыбымен вебинар өтті.

Аталған вебинардың спикері - Маңғыстау облысы Заң консультанттары палатасының төрағасы, «Ақтау-заң» заңгерлік фирмасы» ЖШС-ның негізін қалаушы және директоры, 30 жылдан астам заңгерлік тәжірибесі бар, ӘРПК түсіндіру жөніндегі сертификаты бар (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы) машықтандырушы, кәсіби медиатор Игорь Юрьевич Машинский болды.

Вебинардың бірінші күнінде әкімшілік рәсімдердің негізгі ұғымдары, қағидаттары, әкімшілік пиғылдар, әкімшілік актілерге шағымдану қарастырылды. Екінші күннің қорытындысы бойынша әкімшілік сот ісін жүргізу, дәлелдемелер мен дәлелдеулер, процестік мәжбүрлеу шаралары мәселелері талқыланды.

Вебинар барысында Игорь Юрьевич кәсіби практикадан көптеген мысалдар келтірді және тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Вебинарға қатысушылар тренингтің пайдалы, қызықты және ақпараты мол болғанын атап өтті.

Онлайн тренингке барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

Вебинар жазбасы мен материалы сілтемесіне төмендегі сілтеме бойынша қол жеткізе аласыз:

https://cloud.mail.ru/public/Mk4A/nPzKahhFd

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: