10 маусым күні Шымкент қалалық сотында "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына қаланың мемлекеттік органдарының, заң консультанттары палаталарының және қалалық адвокатураның өкілдері қатысты.
Іс - шараның мақсаты-әділет институтының жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірудегі ерекшеліктерін айқындай түсу.