2024 жылы «Қазақстан Республикасы судьяларының сот жүйесі және мәртебесі туралы» Конституциялық заңға судьялардың тәртіптік жауаптылығын арттыруды көздейтін түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, 2024 жылдың 1 қазанынан бастап Жоғарғы Сот Кеңесінің Сот жюриіне сот істерін қарау кезінде судьялар жол берген заңды өрескел бұзудың барлық жағдайларын тексерудің жаңа тетігі қолданысқа енгізілді. Судьяларға қатысты тәртіптік іс қозғау тәртібі де өзгертілді.
Сонымен қатар, «Сот жюриі туралы» ережеге жеке және заңды тұлғалардың судьялардың әрекеттеріне қатысты өтініштерін қарау және тексеру тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілді.
Аталған өзгерістердің маңыздылығын және судьялардың іс-әрекетіне заң консультанттарынан келіп түскен өтініштердің айтарлықтай санын ескере отырып, 2025 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Аппараты РКЮК құрамына кіретін заң консультанттары Палаталарының мүшелеріне «Заңды өрескел бұзғаны үшін судьяларды жауапкершілікке тартудың жаңа механизмі. Судьялардың әрекеттеріне шағымдану тәртібі» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Онлайн-семинардың модераторы ретінде РКЮК төрағасының орынбасары Ақжанов Абдыкарым Арынович, спикерлері Сот жюриінің төрағасы Қайыпжан Нұржан Үсіпханұлы және Кеңес аппараты Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Амангелдіұлы Сәлімжан сөз сөйледі.
Шараға 160-тан астам заң консультанты қатысты. Қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі жан-жақты жауаптар алды.
Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі Аппаратына алғысын білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.