Жарияланды: 19.08.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жыл заңгері» байқауыҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жыл заңгері» байқауы Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығ

Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жыл заңгері» конкурсын жариялайды.

Жүлде қоры:

Бірінші орын - 400 000 теңге

Екінші орын - 300 000 теңге

Үшінші орын - 200 000 теңге

Талаптар:

  1. Республикалық заң консультанттары алқасына кіретін Палатаның мүшесі болуы;
  2. Заң консультанттары ретінде lawcenter мобильді қосымшасында тіркелуі;
  3. Lawcenter мобильді қосымшасы арқылы халыққа барынша тегін сапалы заң көмегін көрсетуі (халықтың әлеуметтік осал топтары мен ауылдық жерлердегі азаматтар басымдыққа ие). Деректердің құпиялылығына Lawcenter қосымшасының әкімшісі жауап береді.

Конкурстық комиссия заң консультанттарының шифрланған деректері бойынша бағалар мен пікірлерді қарау нәтижелері бойынша сыйлықтар береді.

Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі Конкурстық комиссия туралы ережеде бекітіледі. Қажет болған жағдайда және бағалау мен пікірлер бойынша даулы жағдайларда конкурстық комиссия жоғары баға берілген тапсырыстар мен аса көп пікірлер бойынша консультациялардың мазмұнын сұратуы мүмкін. Барлық консультациялар мен фотосуреттерді де Lawcenter әкімшісі иесіздендіреді.

Тапсырыс берілмеген шолулар қарау кезінде ескерілмейді.

Конкурстық комиссияның шифрланған нәтижелері Заң консультанттарының аты-жөнін алу үшін Lawcenter қосымшасының әкімшісіне берілетін болады.

Конкурс нәтижелері 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін Республикалық заң консультанттары алқасының ресми парақшасында және Facebook-тегі тобында жарияланатын болады.

Lawcenter қосымшасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық сілтемеде орналасқан.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: