Жарияланды: 29.10.2024
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты РКЮК заң консультанттары үшін онлайн-тренинг өткізді

Ағымдағы жылдың 29 қазанында Республикалық заң консультанттары алқасының платформасында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты РКЮК заң консультанттары үшін «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінуге жол берілу шарттары мен өлшемдері. Конституциялық соттың қабылданған шешімдері туралы ақпарат» тақырыбында онлайн-тренинг өткізді.

Вебинарды модератор ретінде ҚР Конституциялық Соты Аппараты басшысының орынбасары Е.А. Сапаров, сомодератор ретінде Республикалық заң консультанттары алқасының төраға орынбасары А.А. Ақжанов жүргізді, спикерлер ретінде: Нуримбетова С.М. – ҚР Конституциялық Соты Аппаратының өтініштерді қабылдау және бастапқы қарау бөлімінің меңгерушісі және Умаров А.С. – ҚР Конституциялық Соты Аппаратының Талдау, отырыстарды ұйымдастыру және хаттама жасау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қатысты.

Вебинар барысында спикерлер өтініш субъектілері, жаңа субъектілер өтінішінің мәні, азаматтардың өтініштері бойынша Конституциялық сот қарайтын мәселелер, азаматтардың өтініштерін алдын ала қарау, азаматтардың конституциялық сотқа жүгінуіне жол беру шарты және тағы басқалар туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Вебинарға екі жүзден астам заң консультанттары қатысты; қатысушылар спикерлерге 100-ден астам сұрақтар қойып, оларға толық және жан-жақты жауаптар алды.

Вебинар соңында заң консультанттары ҚР Конституциялық Соты Аппараты спикерлеріне және Республикалық заң консультанттары алқасына өзекті тақырып пен қызықты вебинар үшін алғыстарын білдірді.

2024 жылдың басынан бастап Республикалық заң консультанттары алқасы спикерлер ретінде тәжірибелі заңгерлерді, мемлекеттік органдардың мамандарын, судьяларды, нотариустарды және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әртүрлі тақырыптарда 28 тегін вебинар өткізгенін еске салғымыз келеді; қазан айына дейін 1900-ден астам біліктілікті арттыру сертификаттары берілді.

Вебинарлардың тақырыптары тікелей заң консультанттарының сұраулары бойынша қалыптастырылады, осыған байланысты оқыту вебинарлары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды info@rcla.kz эл.поштасына жіберуді немесе посттың астына қалдыруыңызды сұраймыз.

Вебинар жазбасына сілмете: https://cloud.mail.ru/public/62KZ/qyZJ7L4dL

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: