2023 жылғы 13 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы "Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кезекті Zoom-вебинар өткізді.
Вебинардың спикері - заң әзірлеушілердің бірі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің берешекпен және Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Меруерт Қабдырашитқызы Сисембаева болды.
Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылғы 3 наурызда азаматтардың сотқа дейінгі, сот банкроттығы және олардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдеріне өтінімдерін қабылдау басталды.
Спикер банкроттыққа кім өтініш бере алады, қалай өтініш беруге болады, қандай құжаттар қоса берілуі керек, сотқа дейінгі банкроттықтың соттан айырмашылығы неде, "төлем қабілеттілігін қалпына келтіру" нені білдіреді, "банкрот" мәртебесін береді және банкроттық рәсімдерін қолданғысы келетін қарыз алушыларда қандай салдарлар туындауы мүмкін, қалай қаржы басқарушысы болуға болады деген мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Zoom-вебинарға қатысушылар Меруерт Қабдырашитқызының 80-нен астам сұрақтарына жауап алды.
Вебинарға 280 адам қатысты.
Вебинар жазбасына сілтеме: https://us02web.zoom.us/rec/share/KDS3EvKIyU2BMDw5RQsDDnYBxCEPUc_RcaE283UpB4kicA4YrfNJdDMWifQt0Bfs.ccVNWT32IUbkp7tT Кіру коды: E#!FR9Hy