"Адал сайлау үшін" Қазақстанның заңгерлер одағының Атырау облыстық филиалының штабы 2022 жылғы 31 қазанда Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық емханасының, 2022 жылғы 1 қарашада Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық емханасының, 2022 жылғы 2 қарашада Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының №4 қалалық емханасының қызметкерлерімен кезекті кездесулер өткізді, сайлау заңнамасына егжей-тегжейлі тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.