Жарияланды: 09.06.2026
«Ашық алаң». Заң мен тәртіп: Қауіпсіздік кепілі

2026 жылғы 9 маусымда Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасына спикер ретінде қатысты.

Бағдарлама барысында «Айыппұлдың артында не тұр?» тақырыбы талқыланып, әкімшілік айыппұлдардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі, олардың қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға әсері және құқық бұзушылықтардың алдын алудағы маңызы сөз болды.

Тікелей эфир барысында қатысушылар Қазақстандағы әкімшілік жауапкершілік жүйесін шетелдік тәжірибемен салыстырып, айыппұлдардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және азаматтардың жауапкершілік деңгейін арттырудағы рөлін талқылады. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық бақылау құралдарын қолдану және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне назар аударылды.

Спикерлер құқықтық мәдениетті арттыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы жауапкершілік қағидаттарын нығайту бағытындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бағдарламаның толық шығарылымы сілтеме бойынша:

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: