"Адал сайлау үшін" Қарағанды заңгерлер штабының мүшелері "Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі" ЖМ оқытушыларымен және студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдағы сайлаудың негізгі жаңалықтары сараланып, жиналғандардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Дауыс беру – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін қоғамдық өмірдің белсенділігінің көрсеткіші.