Жарияланды: 18.04.2024
Алматы қ. заң консультанттары Палатасы Ақтөбе облысының су басқан аймақтарына қайырымдылық қолын созды

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Алматы қ. заң консультанттары Палатасы алматылық «Рахым әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесіп, Ақтөбе облысының су басқан аймақтарына (Нұра, Мамыр ауылдары) қайырымдылық қолын созды.

Ауыр жүк көліктерімен 2 т жуық жүк-жиынтықтар (төсек-орын, гигиеналық құралдар, резеңке етіктер, бөгеттерге арналған сөмкелер, азық-түлік және т.б.) жөнелтілді. Көмектің бір бөлігі қазір ахуалы күрделі Ырғыз ауданына жіберіледі.

Сонымен қатар, Алматы қ. заң консультанттары палатасының мүшелері тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға шотты бұғаттан босату, зақым келген мүлікті тізімдеу, бағалау бойынша тегін заң қызметін көрсетуде.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: