Жарияланды: 21.09.2022
Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы күш-жігерді біріктіру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандум

Омбудсмен және Республикалық заң консультанттары алқасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы күш-жігерді біріктіреді

Бүгін адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы күш-жігерді біріктіру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

С.Ақылбай аталған ынтымақтастықтың дер кезінде және өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етіп, қоғамның омбудсмен институтына деген сенімін арттырады.

Меморандум шеңберіндегі әріптестік адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, сапалы заң көмегін көрсету бойынша жұмысты құруға бағытталған және келесі мақсаттарды көздейді:

  • адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру саласында тәжірибе алмасу;
  • бірлескен жобаларды іске асыру және осы саладағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге жәрдемдесу;
  • омбудсмен аппараты қызметкерлерінің және республикалық заң консультанттары алқасы заңгерлерінің біліктілігін арттыру;
  • адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі басқа да іс-шараларды іске асыру.

Қорытындылай келе, Э.Әзімова әріптестеріне алғысын білдіріп, заң консультацияларын сапалы ұсынуды және адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі шараларды қамтамасыз ету үшін күш-жігерді шоғырландыру мен серіктестікті жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.

WhatsApp Image 2022-09-21 at 15.17.26.jpeg

WhatsApp Image 2022-09-21 at 15.17.26 (1).jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: