Жарияланды: 24.02.2023
"Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің брифингі

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің брифингі өтті.

Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 18 ақпанында сайлау науқаны басталды, ол 18 наурызға дейін жалғасады.

Спикер Жанар Бұқанова сайлау сауалнамаларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, әлеуметтік сауалнамаларды өткізудегі заңнамалық жаңалықтарды түсіндірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына мандаттар үшін сайлау жарысына қатысуды реттейтін нормаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Думан Жампейісов сайлау процесіне қатысушылардың сайлауға және сайлау алдындағы үгіт-насихатқа байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің құқықтық негіздері туралы айтып өтті.

Спикерлер сондай-ақ БАҚ және онлайн-платформалар арқылы үгіт жүргізу шарттарын бұзғаны, анонимді үгіт материалдарын дайындағаны немесе таратқаны, кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқаны немесе олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы айтып берді.

Брифинг соңында қатысушылар БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Сілтемелер:

https://el.kz/saylaualdy-aleumettik-saualnamany-kezdeysoq-uyymdar-zhurgize-almaydy_65786/

https://baq.kz/blogerler-saylau-turaly-saualnama-otkizse-zhauapkershilikke-tartylady-zanger-298186/

https://baq.kz/saualnama-natizhesi-saylau-otken-son-gana-zhariyalanady-shtab-mushesi-298183/

https://baq.kz/adal-saylau-ushin-kez-kelgen-adam-saualnama-zhurgize-almaydy-298178/

https://www.youtube.com/watch?v=HqzvTKeILP4

https://baigenews.kz/vybory-2023-yurist-rasskazal-o-pravilah-agitatsionnoy-kampanii_148057/

https://www.youtube.com/watch?v=NgjYFcCGE5o

https://qazaqstan.tv/news/172140/

WhatsApp Image 2023-02-24 at 11.52.33.jpeg

WhatsApp Image 2023-02-24 at 11.52.34.jpeg

WhatsApp Image 2023-02-24 at 11.52.36.jpeg

WhatsApp Image 2023-02-24 at 11.52.33 (1).jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: