2022 жылғы 13 қазанда Қазақстан-Америка Еркін университетінің (ҚАЕУ) студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен "Сайлау құқығы мен процесінің өзекті мәселелері" тақырыбында сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Кездесудің модераторы "Құқық және халықаралық қатынастар" кафедрасының жетекші оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының ШҚО учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған семинарлар өткізу бойынша жаттықтырушы - оқытушысы, Мужчиль Савелий Александрович болды. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының мақсаттары мен міндеттерін атап өтті, сайлау процесінің және жалпы сайлау заңнамасының құқықтық негіздерін, сондай-ақ сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыруды ашты.
Адал сайлау дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабын Астана қаласы бойынша "Қазақстан заңгерлер одағы" филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері Серік Нұртазайұлы Беркамалов бөлісті. Ол өз сөзінде дауыс беру құқығы және сайлау процесінің басқа да өзекті мәселелері туралы айтты. Байқаушылардың сайлау процесіне қатысуы, кандидаттарды ұсыну тәртібі және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптар, ҚР Президентінің заңға сәйкес қандай қызметпен айналысуға құқығы жоқ, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Жоғары оқу орнының басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы сайлау науқаны шеңберінде сайлау заңнамасын түсіндірудің маңыздылығын атап өтті, "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігі мен "Адал сайлау үшін" штабына ауқымды іс-шара үшін алғыс білдірді.