Жарияланды: 21.12.2021
2021 жылы заң қызметтерінің нарығы

Республикалық заң консультанттары алқасы (РЗКА) 2021 жылдың төрт айының жұмыс қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды Elorda.info.

Хабарламада «ҚПК-ге, АПК-ге, ӘҚБтК-ге заң консультанттарын жәбірленушінің өкілі, әкімшілік істер бойынша қорғаушы ретінде адвокаттармен тең дәрежеде енгізуге қатысты түзетулер, заң консультантының кәсіби құпияны жария еткені үшін жауапкершілігін көздейтін, сондай-ақ заң консультанттарына азаматтық және әкімшілік істер бойынша адвокаттармен тең дәрежеде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуіне рұқсат беру жөніндегі түзетулер әзірленді», - деп атап өтілген.

Бұдан басқа, тәжірибелі заң консультанттары арасынан құрылған заңгерлер пулы соттан тыс реттеу, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот-сараптама қызметі, мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МКЗК) алуға құқығы бар адамдар тобын және МКЗК көрсету субъектілерін кеңейту мәселелері бойынша ҚР Парламенті мәжілісінде қаралатын заң жобалары жөніндегі жұмыс топтарына қатысады.

«Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі (АЖ) жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін «ҰАТ» АҚ-мен бірге Заң консультанттары палаталарының ұсыныстары пысықталды.

Бұл АЖ-ның қолданыстағы функционалын жақсартуға мүмкіндік берді. Алқа «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, заң консультанттарына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуіне рұқсат беру жөніндегі алдағы заңнамалық өзгерістер шеңберінде олардың Алқаға мүшелігіне қарамастан, заң консультанттарының барлық палаталары үшін «Е-Заң көмегі» АЖ таныстырылымын өткізуде.

Атап өту керек, бұған дейін Қазақстанда тегін заң көмегін көрсету жөніндегі LawCenter қосымшасы іске қосылған болатын.

Қосымшаны іске қосу «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Республикалық заң консультанттары алқасы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылды.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: