Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң шығару процесінің тиімділігін арттыруға, азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін нығайтуға бағытталған.
Жаңа Ата Заңның негізгі жаңашылдықтары мен оның құқықтық жүйеге ықпалы «24KZ» телеарнасының «Халықтық Конституция» бағдарламасында талқыланды. Эфир барысында Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай бір палаталы Құрылтайға көшу жағдайындағы заң шығару процесінің сапасын қамтамасыз ету тетіктеріне, Вице-президент пен Премьер-министрдің конституциялық өкілеттіктерінің аражігіне, сондай-ақ жаңадан құрылып жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдағы рөліне тоқталды.
Сонымен қатар сұхбат барысында жаңа Конституцияны іске асыру аясында заңнаманы жаңарту, азаматтардың сот арқылы өз құқықтарын қорғауы және Конституциялық Сотқа жүгіну мүмкіндіктері мәселелері көтерілді.

Бағдарламаның толық нұсқасы сілтеме бойынша:
